БІЗ ТУРАЛЫ

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫНЫҢ КЕСЕНЕСІ

Ескерткіш 1846 жылы салынған. Ескерткіш Атырау облысы, Индер ауданы, Индер поселкесінен оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым жерде орналасқан. Іргетасы – біртұтас бетон. Қабырғасы – бетоннан, ішінен және сыртынан ұлутаспен қапталған. Төбесі – бетоннан құйылған күмбез. Сыртқы шеңбердің диаметрі – 7,6 метр, ішкі шеңбердің диаметрі – 6,2 метр. Басты қабырғасының биіктігі – 6,4 метр, күмбез барабанының биіктігі – 1,8 метр, барабанның сыртқы шеңберінің диаметрі – 5,2 метр, кесененің жалпы биіктігі – 12,2 метрді құрайды. Кесененің есігі ағаштан жасалынған және лакталған. Мазарға кіре берістегі баспалдақ жанына биіктігі 1 метр, қалыңдығы 0,5 метр ұлутаспен қапталған жақтау салынған. Ескерткіштің авторы – Көпбол Демесін.