«ШАБЫТ» ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САРАЙЫ
«Шабыт» шығармашылық сарайы Есіл өзенінің сол жақ жағалауында Астананың жаңа әкімшілік орталығында, Қазақстан концерт залы ғимаратының жанында орналасқан. Еліміздің жаңа тарихынан орын алған бұл ғимарат трибуналары – тренажер жарақтары бар спорт залдарынан, 300 және 500 орынға арналған әмбебап концерт залдарынан, көрме кешендерінен, репетиция бөлмелерінен, кітапханадан, сазгерлер мен суретшілердің шығармашылық үй-жайынан, хореография алаңдарынан, балалар шығармашылығы сыныптарынан, баспасөз залдарынан, дәмханалар мен әкімшілік жайлардан тұрады.Мұнда балалардың музыка, киноматография, сахна өнері, детектив мектептері, «Өнер» мектебінің сыныптары, «Номад» арт-орталығы, журналистердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шығармашылық одақтары да бар. «Шабыт» шығармашылық орталығы – Тәуелсіз елдің барлық талантты да шығармашыл адамдарының басын қосатын ең ірі, бірегей кешен. Сарайдың жалпы аумағы – 30 мың ш.м. Ғимарат Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қарамағына берілген.