БІЗ ТУРАЛЫ

БІРЖАН САЛ ЕСКЕРТКІШІ

Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897) – қазақтың атақты композиторы, ақын, әншісі. Біржанның туған жері – қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы. Руы – Керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор. Бізге оның 60-қа жуық әндері келіп жетті.
1991 жылы 1 тамызда Біржан салға ескерткіш орнатылды. Архитектор – А.Қайнарбаев пен мүсінші – Т.Досмаганбетов.