ІС-ШАРАЛАР

ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР ЖҰМЫСЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде» «Nur Otan» партиясының ХVIII съезінде «Nur Otan» партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы тапсырмасының орындалуы туралы бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиында  бастауыш ұйымның «Атамекен» БПҰ-ның хатшысы Ильясов Ермек Ерғалиұлы аталған жобалар жайында баяндама жасады. Онда ұлттық жобалардың маңызы мен міндеттерін айта келе, нақты мақсатын ашып көрсетті. Жиын соңында кешен қызметкерлері бағдарламалар жобасын талқылап, Есіл аудандық конференциясына бірауыздан делегат сайлады.