«АТАМЕКЕН АЙЛЫ ТҮН АЯСЫНДА»
2019 жылдың 18 мамыр күні, сағат 09:00-23:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Халықаралық музейлер күні «Атамекен айлы түн аясында» атты іс-шара өтеді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттау, патриотизмді, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ көпшіліктің музейге деген қызығушылығын арттыру, мұражайдың құндылығын дәріптеу және музей қызметкерлеріне қолдау көрсету.
Іс-шара барысында сағат 11:00-де «Мәдени мұра – ұлттың негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Тарихы шежірелі Атамекен» атты тегін экскурсия – ашық есік күні өтеді.
Мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі балалар, аз қамтылған отбасы балаларының қатысуымен «Асфальтқа салынған әсем сурет» байқауы ұйымдастырылып, одан бөлек «Үздік экскурсия жүргізуші – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталады. Кеш мерекелік концертпен жалғасады.
Мерекелік шара «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК, мәжіліс залы мен кешен алаңында өтеді.
Іс-шарағақала тұрғындары мен қонақтары, Нұр-Сұлтан қаласының мәдени мекемелері және кешен қызметкерлері, мектеп оқушылары мен студенттер қатысады.
18 мамыр Халқаралық музейлер күні 1977 жылы мұражайлардың Мәскеу қаласында өткен ICOM-ның (International Council of Museums – Халықаралық мұражай кеңесінің) ХІ бас ассамблеясында 18 мамыр күнін Халықаралық мұражай күні деп атау туралы шешім қабылданған болатын. Сол уақыттан бері бұл күн жыл сайын аталып өтетін дәстүрлі шараға айналды.