ІС-ШАРАЛАР

«АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» АТТЫ ДӘРІС ӨТТІ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақмола облысының мәдени-тарихи ескерткіштері» атты дәріс өтті.

«Ақпараттық қызмет» бөлімінің басшысы Серік Кәрібайұлы өткізген дәрісте Ақмоладағы тарихи-танымдық ескерткіштер туралы тереңнен тоқталып, келешек ұрпаққа Ұлы Даланың құнды қазынасын кеңінен насихаттау жайында айтты. Ақмола облысының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» деректеріне сүйенсек, бүгінде Көкшетау мен Ақмола облысында 1793 тарих және мәдениет ескерткіштер бар. Соның бір бөлігі республикалық киелі жерлер картасына енгізіліп, қалғаны облыстық тізімнен орын алып отыр.

Жиынға кешен қызметкерлері қатысып, Ақмола өңірінің тарихи-мәдени шежіресімен танысты.