ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын түсіндіру жиыны өтті.
Музей ұжымы жолдауда айқындалған міндеттерді қызу талқылап қолдау көрсетті. Сонымен қатар, жолдаудың маңызы мен ерекшеліктері тұрғысындағы жеке ой-пікірлерін ортаға салды. Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат деген музей мамандары, оны жүзеге асыруға әрбір қызметкер өз еңбегімен үлес қосатындарын білдірді. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру барысында ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Айта кетсек, Бұл маңызды құжат «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Біріншісі «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Онда Тұңғыш Президент қазақта киелі саналатын жеті қазынаның жеті қырын айрықша айтып, мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталған. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады.
Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен кешен қызметкерлері ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді орындауға дайын екендерін жеткізді.