БІЗ ТУРАЛЫ

«ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА» АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

Керей мен Жәнібек – қазақтың алғашқы хандары. Еңселі ескерткіш бізді бас ғасырдан астам бұрынғы дәуірдің оқиғаларынан сыр шертеді. XV ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібек туының астында Қазақ хандығы құрылды. Олар Әбілқайыр хандығынан моғол ханы Есен-Бұғаның иелігіне көш аударды. Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында күйзеліске ұшыраған Әбілқайыр мемлекеті мен Моғолстанның ішкі саяси жағдайымен тығыз байланысты. Жәнібек пен Керей бұл сәтті пайдалана алып, Әбілқайыр ханға бағынудан бас тартты. Бұдан кейін олар қол астына біріккен адамдармен Моғолстан жеріне қоныс аударды. 1462 жылы Моғолстан ханы қайтыс болғаннан кейін Жәнібек пен Керейдің Жетісудағы үстемдігі күшейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазбаларында Қазақ хандығының құрылу кезеңі 1465-1466 жылдарға сай келеді. Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек пен Керей Өзбек ұлысына оралып, ондағы жоғарғы билікті басып алды. Жаңа мемлекеттік құрылым Қазақ хандығы деп атала бастады.