ОРТАҒАСЫР СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕШІТІ
Сығанақ ежелден келе жатқан қала және де Моңғол шапқыншылығы кезіндегі үлкен қала. Сығанақты Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан билеген және сол жерде теңге соқтырған. Сығанақтағы мешіт бұл сол жердің халқының мешіті. Бұл мешітті шамамен 1937-1938 жылдары Авангард колхозының кәрістері келіп қиратқан. Осы мешіттің кірпіштерін монша, үй сынды құрылысқа пайдалануға алған. Бұзған адамдар, яғни мешітке балта шапқан адам сол жерде құлап өлген. Бастаған адамнан ұрпақ қалмаған. Кейбірі ауруға шалдығып өлген көрінеді.