СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені қызметкерлеріне заңгер Чукаева Гүлназ Оқасқызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде түсіндіру шарасын өткізді. Жиын барысында шенеуніктердің билікті немесе лауазымдық жағдайын жеке пайда алу үшін теріс пайдалануы жөнінде, жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі туралы мәліметтер берілді. Заңгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның алғышарттары мен міндеттерін түсіндіріп берді. Сонымен қатар, шара соңында жемқорлықтың зардабы төңірегінде кешен қызметкерлеріне бейнеролик көрсетілді.