ІС-ШАРАЛАР

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде» Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын талқылау мақсатында жиын өтті.

Онда «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы «Атамекен» БПҰ-ның хатшысы Құралбаева Меруерт жолдауда айтылған мәселелерге жеке тоқалды. Сонымен қатар, қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сапасын күшейту, отбасы институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру, тұрмыстық зорлыққа қарсы күресу, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес, құқық қорғау жүйесін реформалау сынды Жолдаудың басым бағыттары түсіндірілді. Жиынға кешен қызметкерлері қатысты.