БІЗ ТУРАЛЫ

ҚАБАНБАЙ БАТЫРДЫҢ КЕСЕНЕСІ

Қабанбай батыр кесенесі Ақмола облысының Қызылжар ауылында орналасқан. Кесененің ғимараты 2000 жылы салынған болатын. Сол күннен бастап Қазақстан халқының жан-жақтан келетін киелі жерінің біріне айналды. Кесене батырдың дулығасына ұқсатып салынған.

Қаракерей Қабанбай – қазақ батырларының қолбасшысы, әйгілі батырлардың бірі, XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырған. Оның аты Абылай, Бөгенбай батырлардың есімімен қатар аталады. Негізгі шын есімі Ерасыл. Жас кезінде жалғыз өзі жабайы қабанды өлтіргені үшін ел арасында Қабанбай атанған. Қабанбай батыр шамамен 1691 жылы Сырдария жағалауында туылып, 1769 жылы 78 жаста қайтыс болған.