БІЗ ТУРАЛЫ

«ХАЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІ

Хазірет Сұлтан мешіті – дәстүрлі ислам стилінде салынған ғибадат. Ол Бейбітшілік және келісім, Тәуелсіздік сарайлары мен «Қазақ елі» монументі сынды айбынды нысандармен іргелес орналасқан. Рухани орын 13 га. жерді алып жатқан аумақта орналасқан, мешіттің жалпы аумағы 17,7 мың ш.м. құрайды. Мешітте ерлерге арналған 4000 адамдық намаз залы, халыққа қызмет көрсету орны, әйелдерге арналған 1000 орындық намаз залы, имам, наиб имам, азаншы бөлмелері орналасқан. Сондай-ақ арнайы неке қию бөлмесі, кітапхана сынды қосымша орындармен жабдықталған. Мешіт жобасы қазақтың дәстүрлі ою-өрнектері мен ұлттық нақыштағы сәндік элементтері қолданыла отырып, классикалық ислам үлгісінде орындалған.Хазірет Сұлтан мешітінің құрылысы 2009 маусым айында басталып, 2012 жылы 6 шілде күні салтанатты түрде ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.