ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ ҚАСИЕТТІ МЕКЕНІ ТУРАЛЫ ДӘРІС
«Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Түркістан – қазақ діни руханиаятының тұғырлы мекені» тақырыбында дәріс өтті.
Жиында шаһардың терең тарихы қозғалып, бүгіні айтылды. Өңірдің рухани ошақтарына шолу жасалынып, халқымыздың баға жетпес байлығы – мәдени мұралары жайында сөз болды.
Бүгінде облыс орталығы атанып күннен-күнге көркейіп келе жатқан Түркістанды түлетуге үлес қосу – аймақ перзенттерінің айнымас борышы. Алдағы уақытта Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан қазақ мәдениетінің дамуына өзінің сүбелі үлесін қоса бермек.