БІЗ ТУРАЛЫ

«СЫР-АНА» МОНУМЕНТІ

«Сыр ана» монументі 2001 жылы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Тәуелсіздік тойына тарту ретінде бой көтерген кешен.

Кешен Облыс басшысы Болатбек Қуандықовтың бастамасымен Сыр жағасында орналастырылған. Алыстан көз тартар нысан-сұлу келіншек ескерткішінің биіктігі 40 метрді құрайды. Оның 32 метрлік биіктігіндегі шолу алаңынан бүкіл қалаға көз тастай аламыз. Бұл жоба Сыр анамызды ұлықтауды мақсат еткендіктен қазіргі уақыттың өзінде ел ажарын айшықтайтын құрылыс нысанына айналып отыр.

Кешен қала қонақтары мен тұрғындарының демалыс орны болумен қатар «Сыр-Ана» ескерткіші мерекелік шараларды өткізуге де орайластырылған алаң. Кешеннің бас жобалаушысы – «SAMGAU» құрылыс-жобалаушы компаниясы, ал бас архитекторы – Б.Базыкен.