«ҮЗДІК САБАҚ», «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені 2019 жылдың 21 қазан мен 6 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының арасында Тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»), «Туған жер» жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ», «Үздік педагог» атты байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері: мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу; мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарылату; шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау; инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету; ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу.
«Үздік сабақ» байқауы төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:
– байқауға мұғалім өзі ұсыныс білдіруі тиіс;
– сабақ ұзақтығы 30-35 минуттан артық болмауы тиіс;
– оқушылар санына шектеу қойылмайды;
– мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды мүмкіндігінше қолдану;
– сабақтың мағынасы мен мәнін, тақырыпты толық ашу;
– білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану;
– сабақ беру үрдісінде оқушылардың ынтасы мен белсенділік іс-әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыра білу;
– оқушыларға жаңа инновациялық жобалар мен әдістемелер, көрнекі және дидактикалық құралдарды (глобус, карта, диаграмма, схемалар, кестелер, геометриялық фигуралар, макеттер, портреттер, кинофильмдер, оптикалық аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б.) демонстрациялауға болады.
«Үздік сабақ» байқауының тақырыптары:
1. Тәуелсіз Қазақстан.
2. Тәуелсіз мемлекет атануымыздағы Тұңғыш Президенттің рөлі.
3. Ұлы даланың рухани құндылықтары.
4. Киелі Атамекенім.
5. Нұр-Сұлтан – Егемен елдің ордасы.
6. Тәуелсіздік тұғыры – тіл.
7. Ұлы даланың – Ұлы жәдігерлері.
8. Желтоқсан – Тәуелсіздіктің жаршысы.
9. Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр.
10. Латын әліпбиі: Жаңғыру – жазудан басталады.
11. Алтын Орда мемлекетіне 750 жыл.
12. Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл.
13. Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл.
14. Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл.
Байқауға ұсынылған жобалар мен зерттеулерге қойылатын талаптар:
1) жұмыс көлемі 10 баспа бетінен кем емес және 20 баспа бетінен аспауы керек;
2) парақ пішімі – А4, шрифт – 14;
3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.
Жоба келесідей мазмұнды элементтер құрылымын қамтуы тиіс:
– титул парағы;
– жобаны тәжірибеге енгізу жоспары;
– жобаның мазмұны;
– қолданылған әдебиеттер тізімі.
Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.
«Үздік педагог» байқауының өтілу тәртібі мен ережесі:
Байқауға ғылыми жобалар мен баяндамаларды ұсынуға болады.Зерттеу жұмыстары төменде көрсетілген түрде тапсыруға болады:
– педагогикалық зерттеу;
– оқу-зерттеу жобасы;
– оқулық;
– әдістемелік құрал;
– электрондық оқулық;
– компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.
«Үздік педагог» байқауы 3 бөлімнен тұрады:
І-бөлім – портфолио тапсыру, жарияланған жұмыстардың, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімінің болуы.
ІІ-бөлім – мұғалімнің визит карточкасы бөлімінде жұмыстың жүйесін және концептуалды идеясын, педагогикалық концепциясын қорғау (3-5 мин).
ІІІ-бөлім – «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясының тақырыбына сай шығармашылық қабілеттерін көрсету.
Байқауға қатысу құжаттары (электронды және қағаз түрінде):
– байқауға қатысу үшін өтініш;
– қазақ және орыс тілінде өңделген аңдатпа (аннотация);
– байқау жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.
Байқаудың өтілу мерзімі: Байқау 2019 жылдың 21 қазан мен 6 желтоқсан аралығында өтеді.
Байқауға қатысу үшін құжаттарды ұйымдастыру комитетіне а.ж. 21 қазан мен 15 қараша аралығына дейін жіберу керек.
Байқаудың өтілу уақыты 18 қараша мен 6 желтоқсан аралығында.
Байқауға бұрын қатысқан мұғалімдер жіберілмейді және бір мектептен 3 мұғалімнен артық қатыса алмайды.
Қазылар алқасы: Қазылар алқасының құрамы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі. Қазылар алқасы жобаның бағалау критерийін бекітеді. Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы байқаудың жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.
Байқауды ұйымдастыру комитеті: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені және Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы болып табылады.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау: Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің және Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдары мен сертификаттары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.
Жеңімпаздарды анықтап марапаттау әр пән бойынша жеке қарастырылады (ең үздік – география, химия, физика, информатика, тарих, еңбек, дене шынықтыру, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, бастауыш мұғалімі және т.б пән мұғалімдері).
Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.
Байқаудың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінде, байқауға өтініш берген мұғалімдердің сабақтары өз мектептерінде өткізіледі. (Ұйымдастырушылар мен әділқазылар өздері барады).
Мәлімдемені төмендегідей мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: телефон: 24-48-32, 24-31-72,факс 24-53-77, Меруерт – 87781561772; Қызғалдақ – 87017269394; Марат – 87759180166; электрондық мекен-жайымыз: atameken2011@mail.ru.
Жауапты: «Атамекен» Қазақстан картасы» МКҚК. Ақпараттық бөлім. Байланыс тел. 24-48-32
Толық аты-жөні (құжат бойынша) | Жұмыс орны | Қызметі, пәні, | Өтілімі, санаты | Жобаның атауы | Байланыс тел. нөмірі, электрондық поштасы |