«ЕУРОПА-АЗИЯ» СТЕЛАСЫ
«Еуропа-Азия» монументі Орал өзенінің оң жақ жағалауына орналасқан. Ол – Еуропа және Азия құрлығын екі бөлікке бөліп тұрған шекара тәріздес, 1984 жылы орнатылған. Архитектурасының авторлары – Ю.Г.Хакало, А.И.Кононов, П.А.Голубев.
Монумент – тік бағытта тұрған үш элементті сынтасты білдіреді, ақ мрамормен қапталған. Монументтің ұшар басы «Еуропа-Азия» деген жазуы бар көгілдір шарды білдіретін композициясымен аяқталған. Сынтастың биіктігі – 15,4 метр, ені- 3,76 метр.