БІЗ ТУРАЛЫ

ӘУЛИЕ-ВОЗНЕСЕНСК КАФЕДРАЛДЫҚ СОБОРЫ

Әулие-Вознесенск кафедралды соборы 1899 жылы Тянь-Шань шыршасынан бірде-бір шегесіз салынған. Құрылыс 3 жыл жүргізілді. Сәулетші Андрей Зенков сол заман ғылымының соңғы жетістіктерін қолданған: ағаш ғимараттың іргесін нығайту үшін цемент, темір қолданып, қорғаныс жер асты шұңқырларын қазды.

1908 жылы күшті лай көшкіні болып, барлық Верный қирады, бірақ осы шіркеу үйі аман қалды. Кеңес үкіметі жылдары православиені кудалаған заманда шіркеу мұражайға айналды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 1995 жылы Әулие-Вознесенский соборы орыс православ шіркеуіне қайтарылды. Қазір кафедралды соборға республиканың орталық мұражайы орналасқан. 2001 жылы шіркеудің қоңыраулар орналасқан орынға бас қоңырау – благовест – жүз пудтық «Пимен» қойылды.

Алғашқы благовесттің салмағы 250 пуд болған. Оны 1929 жылы большевиктер құлатқан. Осы күнге дейін оның қайда екені әлі жұмбақ болып отыр. Трагедиялық оқиғаның куәгері болған ақсақалдардың айтуы бойынша, оны көміп тастаған, ал қай жерге көмгені белгісіз. Қоңырау қазіргі шіркеу тұрған жерде, яғни 28 панфиловшылар паркінде немесе қала маңында болуы мүмкін деген сыбыс бар