ІС-ШАРАЛАР

ҚАСИЕТТІ АРҚА ТӨРІ – САЛ-СЕРІЛЕР ЕЛІ

«Атамекен» этно-мемориалдық» кешенінде «Қасиетті арқа төрі – сал-серілер елі» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Қазақ жерінің ұланғайыр бөлігін алып жатқан Арқа даласының сал-серіліктің, ән мен күйдің бесігі болғанын көрсету мақсатында өткен шараны Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Серік Кәрібайұлы өткізді. Ол сал-серілік ұғымының мәнін, олардың қоғамдағы орны мен атқарған қызметі жайлы айтып, атақты сал-серілер өмірімен таныстырды.

Жиынға кешен қызметкерлері қатысты.

Сал-серілер қашанда халықтың ойын-сауық өнерін жаңа көркемдік сипатта дамыта отырып, ұлт мүддесіне, халық игілігіне жаратты. Сұлулықты сүю, жан сұлулығын сезіну – сал-серілерге тəн қасиет.