БІЗ ТУРАЛЫ

КӨШЕК БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Көшек батыр ауылында, Үшаралға апаратын жолдағы төбенің биігінде орналасқан. Көшек батырдың жерленген жерінде тұрғызылды.
Сәулетшілері – С. Дембай, Н. Баскеев, инженер-құрылысшы Б. Оразбекұлы.
Қарасай батырдың ұлы Көшек батырдың басқа да қазақ батырлары сияқты 1729 жылы жоңғарлармен болған ұрыста аты шыққан.
Күмбезді – орталықтанған композиция аймақтық мемориальды сәулет өнерінің дәстүрлерін ұстанған.
Сегіз қырлы призма теменгі жағы сегіз қырлы, үстіңгісі цилиндр тәріздес екі жақтаулы барабандағы шатырлы күмбезбен көтерілген күмбезі қара-көк әйнек профилитпен қапталған.