БІЗ ТУРАЛЫ

ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Есет Көкіұлы (1667-1749) қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі.⠀
Жауынгерлік заманда туып, күреспен есейіп, ер жеткен Есет батыр ел қорғау жорығына ерте араласады. Жеке ерлігімен көзге түсіп, батыр атанады.⠀
Батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның қасында өтті. Оған ақыл кеңесін беріп, хан мен халық арасына түскен жарықшақты дәнекерлеп бітірушісі болады.⠀
Ресеймен қарым-қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын да берді. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады.⠀
Алға ауданы, Бестамақ ауылынан 3 шақырым шығыста Есет батыр Көкіұлының мемориалдық кешені орналасқан. Ол ХVІІІ-ХХ ғ.ғ. жататын тарихи кешен.