МӘШҺҮР ЖҮСІП МЕШІТІ
▪️ Мешіт Павлодар қаласында бой көтерген. Іргетасы 1999 жылы қаланған имандылық үйі 2001 жылы пайдалануға берілді. Алла үйі орналасқан алаң 6,2 гектар.
⠀
▪️ Сегіз қырлы, 4 мұнарасы бар және олардың әрқайсысының биіктігі 63 метрден. Күмбезінің биіктігі (айды қоса алғанда) 54 метрді құрайды. Айдың ұзындығы 1,20 метр.
Ғимарат үш қабатты.
⠀
▪️ Заман талабына сай бой көтерген мешіттің жан-жақты қызметі облыс жұртшылығы мен республика халқының, қала берді шет мемлекеттерден келушілердің көңілдерінен шығуда.
Мешітке есімі берілген Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай, көп тілді білген ғұлама. Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, бастырумен де айналысты.
⠀
▪️ Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады.