БІЗ ТУРАЛЫ АБЫЛАЙ ХАННЫҢ РЕЗИДЕНЦИЯСЫ Абылай хан – әйгілі қолбасшы, мемлекет қайраткері, дипломат, Қазақ хандығының 18-ші ханы. Арғы тегі Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай Орыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы, қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.⠀Ал, Абылай ханның Ақ үйі, Ақ ордасы Петропавл қаласында орналасқанын білесіздер ме?⠀Бүгінгі күні мұражайлық кешен болып табылатын «Абылай ханның резиденциясы» жайында толық ақпаратты онлайн экскурсиямыздан тамашалаңыздар