БІЗ ТУРАЛЫ ЖОШЫ ХАН КЕСЕНЕСІ Биыл Ұлық Ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Дешті-Қыпшақ даласында шаңырақ көтерген алып мемлекет Ұлық Ұлыс деп аталды. Кейін бұл атау орыс, славян, батыс жылнамаларында хан ордасының алтынмен көмкерілген ордалық киіз үйіне қарай Алтын Орда деп аталып кетті. Алтын Орда Ұлы Далада екі жарым ғасырдан астам билігін жүргізді. Осы уақыт ішінде таққа отырып, өз үстемдігін орнатқан елуге жуық хандар мен әміршілер өмірден өтті. Мәліметтер жалғасын экскурсиядан тамашалаңыздар Экскурсияны жүргізген кешен қызметкері Марат Қайсарбек