БІЗ ТУРАЛЫ

ДАРХАН ДАЛАНЫ АЛАҚАНҒА СЫЙДЫРҒАН КЕШЕН

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені кең байтақ қазақ даласын алақанға қондырған киелі мәдени орталық.

Музейіміз бүгінгі таңда қала тұрғындарына ғана емес, алыс-жақыннан келетін қонақтарға, туристерге де танымал болып үлгерген.

Шағын аумаққа жасалған картада еліміздің 14 облысы мен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары көрсетілген.