БӘЙТЕРЕК
Қазақ сәулетшілеріне арналған бүгінгі айдарда танымал сәулетші, халықаралық Шығыс елдері архитектура академиясының толық мүшесі болған Рүстембеков Ақмырза Исаұлы жайлы айтамыз.
Ол айтулы архитектуралық құрылыс кешендерін, сәулет өнерінің бірегей туындыларын дүниеге алып келген. Еліміздің ірі қалаларындағы көрнекті ғимараттардың жобасын жасаған.
Софияда өткен Дүниежүзілік архитектура триенналесінің күміс медаль иегері, Бішкектегі сәулет фестивалінің Гран-при иегері, Қырғыз Республикасы Сәулетшілер одағының алтын медалін иеленген. Ресей Сәулетшілер одағының “Сәулетшілер одағына адалдығы үшін” медалімен марапатталған. ⠀
Ол жобалаған «Бәйтерек» монументі бүкіл әлемге танымал, тұтастай бір елдің символы. “Астана-Бәйтерек” жобасы үшін ТМД елдерінің сәулетшілер одақтарының халықаралық қауымдастығының (IASA) X халықаралық байқауында ең үздік құрылыс жобасы үшін Гран-приге ие болып, алтын медаль иеленді.
Оның әрбір бастаған жұмысы қала сәулетінде ойып тұрып орын алады.