“МӘҢГІЛІК ЕЛ” САЛТАНАТ ҚАҚПАСЫ
Елорданың ерекше ғимараттарының бірі «Мәңгілік ел» Триумф аркасы. Бұл жоба авторы Сағындық Жанболатов.⠀
Бүгінде ол бүкіл Қазақстан бойынша ғана емес, Сирия, Якутия, Египеттегі жүздеген жобалардың авторы.
Нұр-Сұлтан қаласындағы тарихи және саяси мәні терең «Мәңгілік ел» Триумф аркасы жобасы үшін Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.
Салтанат қақпасының дизайнын әзірлеуді 10-ан астам сәулетшілер жобаларын ұсынған. Елбасының таңдауы іріктеле келе соңында қалған үш жобаның арасынан Сағындық Жанболатов ұсынған жобаға тоқтаған.
Ол ұсынған салтанат қақпасы классикалық үлгіде жасалды, тамаша пропорцияларымен ерекшеленді. Сәулеттік конструкцияның 20 метрге тең биіктігі Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын білдіреді.
Қазақтың кешегі мен бүгінін, салт-дәстүрлерін айшықтап тұрған бұл нысан еліміздің жарқын болашағына деген қарышты қадамын паш етіп тұр.
⠀