НҰРЛЫ-ТАУ БИЗНЕС ОРТАЛЫҒЫ
Бүгінде елімізге есімі танымал профессор, сәулетші, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі Тоқтар Ералиевті білмейтін жан кемде-кем.
Өзінің бүкіл ғұмырын сәулет өнері саласына арнап келе жатқан азаматтың шығармашылық ізденістері республикадан тысқары жерлерге де мәлім. Тоқтар Ералиев Алматы қаласындағы офицерлер үйі, “Алатау” шипажайы, «Нұрлы Тау» бизнес орталығы, Абылай хан, Жамбыл Жабаев, Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың ескерткіштері, т.б. жобалардың авторы. «Нұрлы Тау» қаланың сәулеттік келбетін, сәнін келтіріп тұрған көпфункционалды кешен. Кешеннің шыныдан жасалған қырларының алтыбұрышты жүйе ретінде жасалуы күн сәулесінің әр ғимараттың әр қырынан әр түрлі көрінуіне, күнге әдемі шағылысуы оны гауһар тастарға теңеуге келеді.