БІЗ ТУРАЛЫ

ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ

Мәдениет сарайы мұнайшыларға арналған тұрғын-үй қалашығымен бірге салынған. Бұл Гурьев мұнай өңдеу заводы құрылысын салу үшін, Атырауға келген мамандар мен жұмысшылардың сұранысын қанағаттандыруға арналған тұтас тұрғын-үй, мәдени-демалыс және тұрмыстық құрылыс кешені.

Сәулетшілер А.В.Арефьев пен С.В.Васильковский тұрғын үй қалашығы құрылысының біріңғай бас жоспарын жасаған.

Мәдениет сарайының басты көзтартарлық орны 400 адамға арналған көрермен залы. Бұдан басқа, үйірме жұмысына арналған бөлме, көрме және ашық шаралар өткізуге арналған кең фойе залы қарастырылған.

Ғимарат құрылысын «Қазмұнайқұрылыс» тресті тұрғызды.