ЖӘҢГІР ХАН КЕСЕНЕСІ
Бөкей ұлы Жәңгір хан (1801-1845 жж.) Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей Ордасының соңғы ханы.
⠀
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып, балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
⠀
Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам дін, орыс жазуы және тілі жөнінде дәріс алды.
⠀
Жәңгір ханның ұйымдастыруымен Бөкей Ордасынан басталып, кейіннен бүкіл Қазақстан жеріне таралған жәрмеңкелер еліміздің сол тұстағы экономикасының дамуындағы ерекше құбылыс болып табылады.
⠀
Жәңгір хан кесенесі 1997 жылы тұрғызылған.
⠀
Кесене авторы – Көпбол Демесінов.