НҮРКЕН ӘБДІРОВКЕ ЕСКЕРТКІШ
1958 жылы Қарағанды қаласында Кеңес Одағының батыры, ұшқыш Нүркен Әбдіровке ескерткіш орнатылды.
Мүсінші – А.П. Билык пен Ю. Гуммель. Батырға Кеңес Одағының батыры атағы 1943 жылы 31 наурызда өлгеннен кейін берілді. Ленин орденімен марапатталды. Батырға көшенің аты берілді.
Алматыда ұшқышқа арнап ескерткіш тұрғызылды. Аты жазылған мемориалдық тақта Волгоград қаласындағы Мамай қорғанында орнатылды.
Батыр өзінің Ил-2 ұшағымен жаудың бірнеше танктері мен жиырмаға жуық қарулы машиналарын жойды. 1942 жылы 19 желтоқсанда Нүркен Әбдіров 2 зенит артиллериясын, 6 танкті жойды. Ұшағы қарудың астына қалып, ерлікпен қаза тапты.
Қарапайым қазақ баласы Н. Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.