БІЗ ТУРАЛЫ

М. МАҚАТАЕВ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫ МҰРАЖАЙЫ

«Бұл мұражай 1991 жылы ашылды. Онда қазір 868 жәдігер бар. Ескі мұражай ғимаратына былтыр «Жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оған 134 миллион теңге бөлініп, нысанда жаңадан мәжіліс залы мен әкімшілік бөлімшесі салынды. Енді қайта пайдалануға беріліп отырған мұражайдың жалпы аумағы 2265 ш.м. құрайды», – дейді мұражайдың қор сақтаушысы Нарынбек Асанов.

Оның айтуынша, мұражай жәдігерлерінің 434-і – ақынның тұтынған тұрмыстық заттары мен кітаптары. Оны олар Мұқаңның өз үйінен және ел арасынан жинаған.

Алғашқы кезде мұражайда 534 жәдігер ғана болды. Қазір оның саны 868-ге жетіп отыр. Мұражайға айына 300-дей адам келеді екен.