ХАБАРЛАНДЫРУ

4 МАУСЫМ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ

1992 жылы алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздері тағайындалды. Мемлекеттік рәміздер – мемлекет негізінің мызғымас бір бөлігі. «ҚР Президентінің жарлығына толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы ҚР Президентінің жарлығына және «ҚР кәсіби және басқа да мейрамдары туралы» 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлықтарына сәйкес 4 маусымда Республикада мемлекеттік рәміздер күні тойланады.
Еліміздің барлық азаматтарын бүгінгі атаулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!