ІС-ШАРАЛАР

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені – ХХ ғасырдың 30-50-ші жылдардағы жаппай репрессия құрбандарына арналған бірегей кешен. Мемориалды-мұражай кешенінің авторы – Қазақстанның Еңбек сіңірген сәулетшісі Сәкен Нарынов.
Мұражай кешені «Сталиндік вагон» мен «Қасірет қақпасы» монументінен, тікенек сымды лагерь қоршауы мен күзет мұнарасынан, екі мүсіндік композициядан, «Көз жасы» стеласынан, тұтқын әйелдер тұрған барактан, Алаш бағынан, Зерде қабырғасынан, Ескерткіш белгілерден және мұражай ғимаратынан тұрады. Бұл кезеңдер ел басына туған ең қиын қыстау кезеңдер болып тарихта жазылған. Халық жауы, ұлтшыл деп айыпталғандардың бәрін түгел лагерьлерге жіберген, тіпті олардың әйелдері де сыбайластары саналып Ақмола лагерінде қамауда болған.