ІС-ШАРАЛАР

Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл

Екінші дүниежүзілік соғыс майданында ерлікпен қаза тапқан қазақтың даңқты қызы Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлованың туғанына 100 жыл.

Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың шын есімі – Ілия. Ұлы Отан соғысы жылдарында 2-ші Балтық майданның 22-ші армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасында қызмет еткен.