ІС-ШАРАЛАРЖАҢАЛЫҚТАРСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің қызметкерлерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» – атты дөңгелек үстел өткізілді. дөңгелек үстелге «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры– Алтыбаева Алма Қуандыққызы төрағалық етті. Мұражай педагогикасы бөлімінің жетекшісі-Мәлжанбай Азамат «100 нақты қадам» – ұлт жоспарының 13-қадамы, Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру туралы Елбасы тапсырмасын арнайы түсіндірді.

Аақпараттық баспа ісі бойынша жоғары білікті маман – Зайырова Гүлжәмилә Сәрсенбайқызы видое және слайд-шоу материялдарын пайдаланып, «Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары» жәйлі кеңінен ақпарат берді.

Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қаупі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары туралы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің заңгері- Жексекеева Арман жиналғандарға кеңінен айтып берді.