НҰР ҒАСЫР МЕШІТІ
Нұр ғасыр мешіті Ақтөбе қаласының орталық мешіті болып табылады. Салтанатты ашылуы 2008 жылы өтті, қонақтар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, бұрынғы Жоғарғы мүфти Әбсаттар Дербісәлі, Дагестанның, Ингушетияның және Қалмақияның президенттері, Ресейдің бұрынғы президенті Дмитрий Медведев, Татарстанның премьер-министрі, бірнеше Ресей губернатормлары және Қазақстанның облыс әкімдері болды. Құрылыс қала тұрғындары мен кәсіпкерлердің қайырымдылықтары есептерінен жүргізілді. Жалпы есеппен айтқанда, жаңа мешіттің құрылысына 200-ге жуық адам қаржылай ат салысты. Сауд Арабия, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан және басқа да мемлекеттер болашақ мешіттің жобасын жасауға қатысты, алайда үздік жоба ретінде Күл-Шариф мешітінің авторы Айвар Гумарович Саттаровтың жобасы таңдап алынды. Ғимараттың құрылысы 2006 жылы басталды және екі жылға созылды. Мешіт бір күмбезді құрылыс, биіктігі 40 метр, шаршы тәріздес пішінді, биіктігі 63 метр болатын 4 мұнарасы бар. Құрылыстық шикізат ретінде арматуралық бетон және қасбеттерді қаптау үшін мәрмәр мен гранит пайдаланылды. Мешітте ерлер мен әйелдерге арналған жеке залдары бар. Мешіттің сыйымдылығы 3500 адам.