ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР МЕМОРИАЛДЫ КЕШЕНІ
«Қазақстанның ғұрыптық географиясы» жобасындағы республиканың 100 нысанының тізіміне Қобды ауданында орналасқан Қобыланды батыр мемориалды кешені де енді.
Қобыланды батыр – қазақ халқының қаһармандық белгісі және мақтанышы. Бұл 45-50 жастағы мықты иекті жауынгер. Келбеті қайта жаңғыртылғаннан кейін Қобыландының мүсіні Ақтөбе мұражайына берілді, сол жерге оның қалдықтары да қайтарылды. Ұзақ уақытқа дейін ол ойдан шығарылған кейіпкер деп есептелінді. Қазіргі таңда Қобыланды батыр XV ғасырда, Алтын Орданың ыдыраған кезінде өмір сүрген батыр екендігі анық.
Батырлар жырлары мен аңыздарда ол «қарақыпшақ Қобыланды» деп аталады. Сонымен қатар, оның белгілі қолбасшы болғандығы айтылады. Оған қазақ халқының «Қобыланды батыр» атты эпостық жыры арналған. Жырда Қобыланды жеңілмейтін жауынгер кейпінде сипатталады. Бірнеше ғасырлар бойы ол туралы жырлар ескірген емес. Алып жауынгердің ерліктері мен оның туған жерін қорғауындағы қайталанбас батырлығы туралы ақындардың өлеңдері де төгілген.