БІЗ ТУРАЛЫ

БӘЙТЕРЕК

«Бәйтерек» тәуелсіздік монументі – биіктігі 97 метрден тұратын шар тәріздес құрылыс.

Бұл жыл сайын терек ағашының ұшар басына сиқырлы жұмыртқа салатын Самұрық құс туралы көне қазақ аңызының  символы іспеттес. Тәуелсіздік монументінің орасан зор құрылысы ендікте және меридианды осьта орналасқан. Монументтің оңтүстігінде Қорғаныс министрлігінің, ал солтүстігінде Сыртқы Істер Министрлігінің ғимараты салынған. Қаланың қай жерінен болсын көрініп тұратын бұл кешен Астананың ғана емес, жалпы тәуелсіз Қазақстанның рәмізіне айналып отыр.