БІЗ ТУРАЛЫ

АЙТБАЙ МЕШІТІ 1878 ЖЫЛ

Айтбай мешітін 1878 жылы жергілікті қолөнершілер Ысқақ пен Қамал біріге отырып салған. Айтбай мешіті 1923 жылы қойма болып, 1950 жылы кинотеатр, кейін мектеп-интернат болған. 1970 жылдан 1981 жылға дейінгі аралықта тігін цехі болып, 1990 жылы қайтадан мешіт болып қалыптасқан. Тікбұрышты жоспарда, күйдірілген қыштан қаланған. Мешіттің кіре беріс есігі солтүстік-шығыс бетшесі арқылы, арка етіп қаратылған. Мешіт жанында мұнара қоса қаланған. Шатыры темір, фундаменті кірпіштен қаланған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылы 21 наурыздағы №279 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне алынған. Ескерткіштің төлқұжаты толтырылып, қорғау тақтасы орнатылған. 2011-2012 жылдар аралығында ғимаратқа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілген. Айтбай мешітінің ғимараты 1878 жылы Перовск (Қызылорда) қаласы тұрғындарының қаражатына салынған, мешіт құрылысының қолдаушысы мен бастамашысы бай көпес, Бұқара қаласының тумасы Айтбай Балтабаев, ол негізі қажетті ақшаны бөліп берген. Нәтижесінде мешітке оның аты берілген.