БІЗ ТУРАЛЫ

МАМАЙ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Мамай Жұмағұлұлы 1702-1799 жылдар аралығында өмір сүрген, жоңғар шапқыншылығында батылдығымен танылған батырлардың бірі. Абылай ханның сенімді үзеңгілес серігі. Орта жүз Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болып қазақ халқының есінде мәңгілікке қалды. Мамай батыр Жұмағұлұлы Сырдария өзенінің жағасында туған. Жоңғар шапқыншылығы басталған кезде Тобықты руы, туған жері Шыңғыстауды тастап, Оңтүстік Қазақстанның Сырдария алқабын паналауға мәжбүр болды.