ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
«Атамекен» этно-мемориалдық музейінде өнер зерттеушісі, ҚР халық артисі Серік Оспанның жетекшілігімен ұйымдастырылған тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсембетовпен тарихи-танымдық кеш өтті. Жиынға кешен қызметкерлері қатысты. Олар қазақтың батырлары мен киелі орындары туралы тың деректер тыңдап, толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алды. Кеш соңында тарихшы Марат Оралбайұлы музей кітапханасына өзі жазған еңбегін сыйға тартты.