БІЗ ТУРАЛЫ

ДӘУЛЕТКЕРЕЙ МАЗАРЫ

Шығайұлы Дәулеткерей (1814-1887 жж.) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы, төре күйлерінің негізін қалыптастырушысы. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған. Ата-бабасы Орыс ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген. Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов «төре күйлерінің атасы» деген. Мазардың авторы – Көпбол Демесінов.