БІЗ ТУРАЛЫ

ЗАМАННАН ОЗЫҚ ТУҒАН

Мұхамбет-Салық Бабажанов (1834-1871) – туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист. Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.
Оның еңбектері Бөкей ордасының аңшылық кәсіпшілігіне, жылқы шаруашылығына, қымыздың емдік қасиеттеріне, этнографиясына, археологиясына арналған. Бабажанов Мұхамбет-Салық орыс географиялық қоғамының этнографиялық бөлімшесінің мүшесі болып сайланған. Этнографиялық зерттеулері үшін күміс медальмен марапатталған Қазақстанның алғашқы ғалымдарының бірі.
2001 жылы бұл ескерткіш-кесенесі тарихшы-этнографқа арналып орнатылды. Кесененің авторы – Көпбол Демесінов.