ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Халықаралық музей күніне орай «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен «Атамекен айлы түн аясында» атты іс-шара өтті.
Мұражайдың құндылығын дәріптеу, қазақ келінің тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мақсатында өткен шарада «Мәдени мұра – ұлттың негізі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жиын модераторы «Атамекен Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Сейдімбек Салтанат Ақселеуқызы болды. Дөңгелек үстелге Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Абылқызы, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқевтың сенімді өкілі Мұхтар Дүйсенұлы, Сәкен Сейфуллин музейінің директоры Несіпбек Айтұлы, «Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінің директоры Самат Ілиясұлы, Тарих ғылымының докторы және филология ғылымдарының кандидаты, архивист-ғалым, деректанушы Марат Оралбайұлы қатысты. Жиын соңында музей қызметкерлері Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Бауыржанұлының арнайы алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік іс-шарада «Асфальтқа салынған әсем сурет» байқауы ұйымдастырылып, одан бөлек «Үздік экскурсия жүргізуші – 2019» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Сонымен қатар, «Тарихы шежірелі Атамекен» атты тегін экскурсия – ашық есік күні өтті. Халықаралық музейлер күні – бұл тек қана тікелей музейлермен байланысы бар адамдардың кәсіби мейрамы ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке таныту идеяларына бей-жай қарамайтын жандардың да, музейді ерекше мәдени орталық ретінде өзіне қымбат және жақын санайтындардың да мейрамы. Оны бұл іс-шараға келген қонақтар дәлелдеді.