ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ ЕСКЕРТКІШІ
Жамбыл ескерткіші 1996 жылы Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО шешімімен әлемдік деңгейде атап өту қарсаңында Алматы қаласындағы Жамбыл көшесі мен Достық даңғылы қиылысында орнатылған. Мүсіншісі – Б.Әбішев, сәулетшілер – С.Баймағамбетов, С.Фазылов, Т.Ерғалиев. Мүсін қоладан құйылған. Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында отырған ақынның әлеммен біртұтастығын бейнелейді.
Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.