БІЗ ТУРАЛЫ

«ШАХТЕРЛЕР ДАҢҚЫ» МОНУМЕНТІ

Монумент 1974 жылы Қарағанды қаласында ашылған. Қаланың Бұқар жырау даңғылындағы орталық бағында орналасқан. Еңбек пен халықаралық достыққа арналған монумент шахтерлар қаласының символы. Мүсінші – ҚазАКСР-ның белгілі қоғам қайраткері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы – Анатолий Билык, архитекторы – Ресей Федерациясының атақты архитекторы Анатолий Пантелеевич Малков. Мүсін қоладан құйылып жасалды. Жалпы биіктігі – 11 метр.