АРТЫНДА ІЗ ҚАЛДЫРҒАН ҒАЛЫМ
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар облысы «Қазақтың тұңғыш академигі – Қаныш Сәтпаевтың өмір жолы» атты дәріс өтті.
Мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың қазақ халқының тарихына қосқан үлесі мен оның атқарған қызметі туралы таныстыру. Жас буын өкілдерінің патриотизм сезімін жоғарылату, қоғам өміріндегі адамның белсенді рөлін түсіндіру.
Дәрісті экскурсия бөлімінің қызметкері Марат Қайсарбек оқыды. Ол ғалымның еліміздің дамуына қосқан үлесі мен қалдырған құнды мұрасы жайында айтты.
Қаныш Имантайұлы – өз заманының нағыз ірі тұлғасы. Қ.И. Сәтбаевтың қоғамға риясыз қызмет етуі, халық мүддесіне деген адалдығы – өскелең ұрпақ үшін ғана емес, сонымен қатар бүгінгі таңдағы қоғам мен мемлекетті басқарушы азаматтар үшін зор үлгі екені сөзсіз.