«ҚАЗАҚТЫҢ ІРІЛЕРІ, АБАЙДЫҢ ІНІЛЕРІ»
Нұр-Сұлтан қаласы №4 Ж.Жабаев атындағы мектебінде Қазақтың үш арысы Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің 125 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың ірілері, Абайдың інілері» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Жиынды«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» ұйымдастырды.
Мақсаты – үшарыстың өлеңдерін оқу арқылы тұлғалардың ерен істерін дәріптеп, рухани ұлттық мұрамыз бен құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.
Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген әртисі Серік Кәрібайұлы Оспан, С.Сейфуллин мұражайының бөлім меңгерушісі Мұқият Қойшыбай мен кешен қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.