БІЗ ТУРАЛЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫ

Ғимарат – арнайы зертханаларда Қазақстан Республикасының ақпараттарын іріктеуге және материалдық бағалықтарды сақтауға арналған. Жалпы аумағы 12725 ш.м. алып жатыр. Ғимарат екі блоктан тұрады.1 блок – 9 қабатты мұрағатсақтау қоймасы (тік доминантты күмбез пішінінде). 2 блок – 4 қабатты доға пішініндегі әкімшілік-басқару және зерттеу үшін қолданылады. Бірнеше оқу залдары, синхронды аудармамен қамтылған мәжіліс залы, кино, көрме және ғаламтор залдары,Ұлттық мұрағат қорларға арналған экспозициялық холлдар бар. Құжаттарды консервациялау, өңдеу, микрофильмдеу және көшірме жасау лабораториялары орналасқан.